Рейтинг 0,0 / 5.0 (Голосов: 0)
Кенесары – Наурызбай

Кенесары – Наурызбай

Категории
Ключевые слова
Просмотров:
15
Год:
Язык:
Издательство:
Иностранный паблик5ce9f1c1-5e7e-11e4-8e76-0025905a069a

Аннотация к книге Кенесары – Наурызбай - Нысанбай Жаманқұлұлы

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ - Описание и краткое содержание к книге

Кенесары – Наурызбай читать онлайн бесплатно

НЫСАНБАЙ ЖАМАНҚҰЛҰЛЫ

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ

НЫСАНБАЙ ЖАМАНҚҰЛҰЛЫ

(1822–1883)

Дүрі жауһар данасы,Əркімнің алла панасы.Жан біткенге несібе –Дəрияның аққан саласы.Үйсіздерге үй болған,Би – отанның ханасы.Кенесары, Наурызбай –Абылай хан-ды бабасы,Əуелгі мекен-тұрағы –Көкшетаудың даласы.Жазғы жайлау қонысы –Ұлытаудың саласы.Өте залым болмаңыз,Мұсылманның баласы.Ақырында олардыңҚырғыздан болды қазасы.Кенесары ер болды,Ел ішінде бір болды.Қашқан, босқын жиылып,Өз алдына қол болды.Жұртқа тиіп кесірі,Əркімдерге сор болды.Қарсы келген адамныңКөзінің жасы көл болды.Ақылменен іс қылмай,Ақырында қор болды.Қырғызға барып қырылып,Ит пен құсқа жем болды.Абылай ханның баласыАсып туған Қасым-ды.Арғы тегін сұрасаң,Шынжыр қатар асыл-ды.Саржан атқа мінген соң,Төренің бағы ашылды.Қарсы келген егесіпДұшпанның көңілі басылды.Жалғыз Саржан не болар,Есенгелді қосылды.Кімге апарып теңеймізНаурызбай сынды жасынды?!Кенесары, НаурызбайАтағы шықты аңқылдап.Жауды үркітіп, қашырды.Ақ алмастай жарқылдап,Зəресін алды дұспанның,Найзағайдай шартылдап.Қасына ерген төлеңгітОлжаға батты қарқылдап.Кенесары, НаурызбайМұсылманға жан тартты.Ерегескен дұшпанныңЖылқысын алып, зарлатты.Азырақ күн бақытыЖанған оттай қаулапты.Бір күндері болғандаТортөбөл атын ұрлатты.Бас себебі сол болып,Қырғызға қарай жол тартты.Іргелі жұртқа кез болып,Батырларды қан тартты.Көзімен көріп, бұл сөздіНысанбай еді жырлаған.Бар күнəсі қырғыздың –Жалғыз атты ұрлаған.Атын алған қырғызғаХан үйінде жынданған.Ерегеспен бұздырдыҚанайдың тамын сырлаған.Күмісті садақ, алтын оқКенекең жауға жолықты.Ақ білегін сыбанғанБалуанды тойға жолықты.Алыстан тоят көздегенАқ сұңқарға жолықты.Айшылықты бір басқанҚас тұлпарға жолықты.Асқындаған пейіліненКенекем зорға жолықты.Нөкерімен теп-тегісБір ажалға молықты.Ұсталар алар қолынаҚышқашы мен балғаны.Тасқан нəрсе төгілер,Бұл сөздің бар ма жалғаны?Қырғыздан қорлық көрген соң,Кененің көп-ті арманы.Іледен өтіп жөнелді,Өр Дулатқа барғалы.Сол Дулатпен қосылып,Қырғыздан кегін алғалы.Барып еді, өр ДулатБарғанын қабыл алмады.Кене ханның сөзінеҚұлағын да салмады.Асаулар үзді шідерді,Сыйламай Дулат жіберді,Сиынып барған еліненКене хан үзді күдерді.Дегені болмай қалған соң,Қабағы ханның түнерді.Күздің күні болған соң,Қырғызға қарап үдерді.Қазан айы болғандаҚатуланды, қаттанды.Іріктеп алған ерлерменХан қамаудан аттанды,Құз асып қалың Шөңгірден,Қосшы деген ел жатты.Қоқилатып қырғыздар,Қос-қосқа бөліп таратты.Қалшаны ұстап байлаттыХан болып халқын меңгерген.Қарадан шыққан хан едіНашарды зорға теңгерген.Қалшаға қырғыз баласыЖалынып қана күн көрген.Тартуына іркілмейОтаулатып қыз берген.Қисайған жаға түзеліп,Кененің ісі жөнделген.Қоқаннан ауған көпДулат, Қарағаштай ел келген.Мəмбеттің ұлы Байұзақ,Балқожа, Медеу ер келген.«Жауың қайда? Мен – жолдас», –Хан Кенеге дем берген.Сол елменен күшейіп,Төрелер жайды қанатты.Қарағаштай көп жұрттыХан аузына қаратты.Аттансын деп көп қосын,Жұртқа салды санатты.Сайлап алды ақ алмас,Тастан қайтпас болатты.Сегіз мыңдай кісі боп,Өңшең байыр манапты.Бұл сапарда НаурызбайТаудан үлкен талапты.Үш қамалды бір бұзып,Қырғызды жаман талатты.Қырғыздан түскен олжағаБір төлеңгіт бармады.Бұл сапарда қазақтанБіреу олжа алмады.Көп Дулатты хан КенеАқылменен алдады.«Қызыл тұмсық болсын», – деп,Олжамен аузын қандады.Екіншілей аттанды,Естіген Дулат қалмады.Олжаға мырза дегеннен,Жалғызы қалмай, андады.Тау суындай сарқырап,Байұзақ келді төменнен.Көңілі бітті айқасып,Кенесары зеренмен,Телімдес болып олжағаНаурызбай – асыл беренмен.Он екі мың əскерменТағы аттанды кемерден.Зеңбірегін асырдыАбылай аспас кезеңнен.Құлақ шыңдап, көз тұнды,Ақыл, айла, өнерменКенесары, НаурызбайАтадан асты дегенмен.Абылай аспас асуданАсамын деп өрледі.Оңайлықпен қазаққаАсуды қырғыз бермеді.Əр жерлерден құралып,Қырғыздың қолы кернеді.Бесінге дейін атысып,Қазақтың əлі келмеді.Қарабалта, СоқылықАңғарынан шаң асты.Қырғыз-қазақ екі жар,Ескі жолға таласты.Сол уақытта хан КенеАмалынан адасты.Қырғызды айдап шыға алмай,Батырлар сонда бір састы.Үйінде еркек қалдырмай,Қырғыз да шыққан айдатып.Соғысты қылды қазақпен,Төскейде атты ойнатып.Қызықсын деп асуға,Қазына төкті жайнатып.Асуға текті тайғақ қып,Қазанға суды қайнатып.Абылай аспас асуданАсамын деп өктеді.Асуын тастап қырғыз да,Бас қамын қып кетпеді.Ойдан атқан зеңбірекТау басына жетпеді.Жесір менен мал алып,Бұл сапар олжа етпеді.Сол уақытта хан КенеЖар етті Жаппар иені.Аза болып сол жерде,Алдырды екі түйені.Шөгеріп салып, түйегеЗеңбірегін сүйеді.Тұрғызып қойып атса да,Сонда да тауға тимеді.Атасы өткен Абылай,Тілеуді берген бір Құдай.Былтырдан алған басшысы –Шапырашты Бұғыбай.«Бұғыбай басшы қайда?» – деп,Шақырып алды Наурызбай!– Əй, Бұғыбай, Бұғыбай,Қорлық болды бұ қалай?Жол таба алмай қамалдық,Амал тапшы бұған-ай!Былтыр өзің келгенненХанның алдың жарлығын.Тар жол, тайғақ кешудеҚолдың алдың жабдығын.Бір ізіңнен жүргіздіңҮш алаштың барлығын.Жалғыз жолдан аса алмай,Тастың тарттым зарлығын.Бұл сапар алдым ашылмас,Дүниенің шектім тарлығын.Сасқан жерде жол тауып,Білінуші еді нарлығың.Осы бүгін, Бұғыбай,Қырғыздың көрдім қорлығын,Алатаудан аса алмай,Қазақ жолы байланды,Бес күн ұдай атысып,Түгесіп келдім айламды.Осындайда болмаса,Көремін қашан пайдаңды?Осы бүгін күн батпай,Көрсетші қанат жайғанды.Тау басында қырғызғаБір тигізші найзамды.Айналайын Бұғыбай,Аралатшы майданды!Бұғыбай сонда сөйлейді: –Қысылып тұр-ау жанымыз,Тау басына жете алмай,Болмады, сірə, сəніміз.Жауыңды шаншып беругеКелмейді, Науан, əліміз.«Жол тап» – деген сөзіңненТөгіле қалмас арымыз.Көп кешікпей, Науанжан,Ханға таман барыңыз.Баруға көңілің тілесе,Ханнан жарлық алыңыз.Томағамды сыпырып,Қамау тасқа салыңыз.Мұны естіп Наурызбай,Алдына барды Кененің –Түсі суық тартқандаТөрт қырланған жебенің,Ажал оғы келгендеҚорғаны болмас көбенің.Қолына толды қырғыздыңБасы тау мен төбенің.Рұқсат берсең, Кенеке,Барайын соған деп едім.Салатұғын алдымаБұғыбай басшы ер еді.Əдіре қалғыр Алатау,Асуға қиын жер еді.Қамалын барып бұзайын,Кенеке, жауап бер, – дейді, –Отыз жігіт сайланып,Қасыма менің ер, – дейді, –Тау басына барған соң,Ойынымды көр, – дейді.Кене хан сонда сөйлейді: –Дұшпаннан бітсін ар, – дейді. –Қолдағы өңшең батырданІріктеп бəрін ал, – дейді. –Көңілің шапса, Науанжан,Ертерек сонда бар, – дейді. –Екі-үш жүздей кісіменОйынды барып сал, – дейді.Наурызбай тағы сөйледі:– Алладан жəрдем күтейін,Ата-бабам жар болса,Бір мұратқа жетейін.Былтырғы қылған азасынҚырғыздың бүгін етейін.Екі-үш жүз кісі көбірек,Онша алып, тақсыр, не етейін.Əскерден отыз батырдыІріктеп алып кетейін.Тəңірі қосса, қырғызғаБір тамаша етейін.Қиын жерде хандарғаБолады сүйеу қарашы.Қысылған жерде əркімніңТəңірім болсын панасы.Көп кісі қаптай шабуғаАрқаның бар ма даласы?!Аз кісіге жақсы екенАлатаудың арасы.– Мақұл, –  дейді хан КенеНаурызбайдың сөзіне.Сол уақытта НауанныңЖан көрінбес көзіне.Иесі тілек қылған соң,Береді рұқсат өзіне.Қайтармады меселінҰмтылып тұрған кезіне.Қауырсынды, қанатты,Таудан үлкен талапты,Ер көңілді, қалма! – деп,Жұртқа салды санатты.Қалың қолдан саралап,Алады өңкей манапты,Ерегескен соғыстаТастан қайтпас болатты.Тауға қарсы түйлікті,Сұңқардай жиып қанаттыОтыз жігіт жөнелді –Тəмəм қолдың беглері.Бұғыбайды басшы ғып,Қиын жолды көргелі;Тау басында қырғыздыңЖазасын барып бергелі;Қамалын бұзып, жол салыпБейітін ашып келгелі.Жаз жайлауы сары дала,Қыс қыстауы Қарғалы.Наурызбай кетті бөлініп,Тау басына барғалы;Қамалып тұрған қырғызғаБір бүлікті салғалы.Кенесары бастығы,Төменде тұрып қалғаны.Талап етіп ұрындыЖаңадан бір жол салғалы.Сауысқанның аласы,Ағынан көп қарасы.Кене хан сонда сөйлейдіАбылай ханның баласы:– Қол көрінбес шаң болдыАлатаудың арасы.Қарағаштай көп қазақ,Ханға болдың қарашы.Ойда қоқан, қырда орыс,Хакім болды қаласы.Кімнен таяқ жегендейБіздің қазақ баласы!Алдырып жүрген дұшпанғаАуызының аласы.Дін мұсылман əлеуметБірге мінсе кемеге,Үш алаштың баласыТізгінін берсе Кенеге,Ер басына аяқтайТас көтерсек жебеге,Тау басына шығатынЖол салмасқа немене?!Байұзақ датқа түйсініпБұл жауаптың тегіне,Айтайын деп бір сөзді,Жетіп барды көбіне.Ханның көңілі соғадыТаудан бір жол саларға.Бір талапқа бет қойдыТау басына барарға,

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.